Ақтаудағы көпбалалы ана. 35 жасында 10-нәрестесін күтіп жүр

19 Мамыр 2021, 14:05
3086
Бөлісу:
Ақтаудағы көпбалалы ана. 35 жасында 10-нәрестесін күтіп жүр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтауда 35 жасында көпбалалы ана атанған келіншек тұрады. Ешмұханова Гауһардың бұл күнде 9 перзенті бар, деп хабарлады Ақтау қаласы әкімінің баспасөз қызметі. 

Ақтаулық Сакен мен Гауһар Ешмұхановтар 2001 жылы жанұя құрған. Содан бері жас отбасының тоғыз перзенті өмірге келді. 4 ұл мен 5 қыз тәрбиелеп отырған ерлі-зайыптының тұңғыштары 19 жаста. Кенжесі 9 айлық. Оның ішінде қатар өсіп келе жатқан егіз ұл мен қыз бар. Бүгінде көпбалалы отбасы 10-сәбиін күтуде. 

Бала тәрбиесінен бөлек, әртүрлі саланы меңгерген Гауһар Ешмұханова өнерден де кем емес. Мерекелік жиындарда ән салады.

Бала тәрбиесінде енем мен үлкен қыздарымның көмегі зор. Осы жақындарымның арқасында өзіме де уақыт тауып жүрмін. «Бала баланы бағады» дегендей, шүкір көз алдымда өсіп келе жатыр. Қазір қыздарыма үй шаруасын сеніп тапсыра аламын, - дейді Гауһар Ешмұханова. 

Сонымен қатар, Ешмұханавтар отбасы қайырымдылықпен айналысып, көпбалалы отбасыларға көмек қолын созып тұрады.

Өзгелердің жаңалығы