Ақтауда караоке қонақтары мен полицейлер арасында дау шықты

10 Желтоқсан 2020, 06:36
978
Бөлісу:
Ақтауда караоке қонақтары мен полицейлер арасында дау шықты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтауда Бас санитарлық дәрігердің Қаулысына сәйкес әкімдік қызметкерлері және жергілікті полиция өкілімен бірлескен топ қаладағы бірнеше нысанға кезекті мониторинг жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Сейсенбі күні өткен мониторинг барысында қаладағы 5-шағынауданда орналасқан «R12» дәмханасының (караоке) жұмыс істеп тұрғаны анықталды. Полицейлер мен мониторингілік топ өкілдері карантин талаптарын сақтамаған нысанға кіріп, қонақтарды таратуға тырысқан. Алайда караоке-клубқа келушілер полицейлермен жанжалдасып, тәртіпке бағынбаудың жолын іздеді, - деп жазылған хабарламада.
Айта кету керек, Маңғыстау облысының Бас санитар дәрігерінің 2020 жылдың 21 қазан күнгі Қаулысына сәйкес кафелер мен мейрамханаларға сағат 22.00-ге дейін ғана қызмет етуге рұқсат берілген. Осыған байланысты карантин талаптарын сақтамаған нысан иелерінен түсініктеме алынып, әкімшілік хаттама толтырылды.
Өзгелердің жаңалығы