Ақсудағы ақырғы ардагер дауыс берді

10 Қаңтар 2021, 19:30
1392
Бөлісу:
Ақсудағы ақырғы ардагер дауыс берді

Алматы, BAQ.KZ. Алматы облысы Ақсу ауданындағы жалғыз ІІ Дүниежүзілік соғыс ардагері сайлауда дауыс берді.

Бір ғасырға жуық ғұмыр кешкен Гаврил Моисеев ел үшін маңызды істен шет қалмады. Қапал ауылында тұратын қарияның үйіне арнайы құрылған комиссия мүшелері өздері барды. Гаврил Степанович тұрғылықты мекен жайы бойынша үйінен дауыс берді. 

Сайлау, бұл - ел үшін аса маңызды шара. Жасы мен жасамысы мұндай жауапты сәтте қалыс қалмауы керек. Әсіресе, жастар мемлекетке қатысты саяси науқанда қол қусырып қарап отырмауы тиіс. Елдің гүлденуі халыққа байланысты. Егер республиканың тұрғындары тым белсенді болса, барлығы оң шешімін табады, - дейді ардагер. 

Айта кетейік,  Аудандық сайлау комиссиясына үйден дауыс беруге 86 өтініш келіп түскен. Жалпы алғанда осы уақытқа дейін аудан көлемінде Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісі және мәслихаты депутаттарын сайлауға 24609 адам дауыс беріп үлгерді. Естеріңізге саламыз Ақсу ауданында 43 сайлау учаскесі жұмысын жалғастыруда.

Өзгелердің жаңалығы