АҚШ пен Қазақстан арасында әуе қатынасы қашан іске қосылады?

21 Сәуір 2021, 14:26
1952
Бөлісу:
АҚШ пен Қазақстан арасында әуе қатынасы қашан іске қосылады?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Қазақстандағы АҚШ елшісі Уильям Мозер онлайн дөңгелек үстел кезінде журналистердің сұрақтарына жауап берді.

Бірнеше жыл бұрын екі ел арасындағы тікелей рейстерді іске қосу мәселесі көтерілген болатын. Қазіргі уақытта осы мәселе бойынша Қазақстан мен АҚШ арасында келіссөздер жүргізіліп жатыр ма? Алғашқы рейстерді қашан іске қосу жоспарланып отыр деп тілші елші Уильям Мозерге сауал қойды.

Өкінішке қарай, пандемияның салдарынан бұл сұрақ тоқтап қалды. Бұл үрдіс әрі қарай жалғасады. Алайда, менің ойымша, тек індет басылғаннан кейін қайта жалғасады, - деп АҚШ елшісі Қазақстан мен АҚШ арасында тікелей әуе рейстерін ашу мәселесіне қатысты қойылған сұраққа жауап берді.

Дипломат атап өткендей, Қазақстанда тікелей әуе қатынастарын іске қосу үшін белгілі бір стандарттар қажет.

Мысалы, ыңғайлы визалық режим және қауіпсіздік стандарттары өте жоғары болуы керек. Сондай-ақ тікелей әуе қатынасы жіберілген кезде сол стандарттарды кепілдендіру және қамтамасыз ету үшін түрлі сарапшылардың, Вашингтон сарапшыларының көмегі қажет, - деп түсіндірді елші.

Еске сала кетейік, биыл ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен қатар Қазақстан мен АҚШ арасындағы дипломатиялық қатынастардың 30 жылдығы атап өтіліп жатыр.

Өзгелердің жаңалығы