Бас жаңалықтар
Ақмола облысындағы ауыл шетінде қамыс өртенді
18 Қазан 2020, 06:34 101

Ақмола облысындағы ауыл шетінде қамыс өртенді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақмола облысы, Целиноград ауданындағы Оразақ ауылының шетіндегі 10 гектар аумақта қамыс жанып жатыр, деп хабарлайды облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Өрт 17 қазанда сағат 17.35-те басталған. Әзірге өрт толықтай сөндірілген жоқ.

Өртті сөндіруге төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері мен «Қуат» ЖШС-нің қызметкерлері жұмылдырылған. Сондай-ақ бірнеше техника да өрт сөндіруге тартылған.



Фото: дереккөз
Загрузка...