Бас жаңалықтар
Ақмола облысында Абайдың әдеби орталығы ашылды
09 Қараша 2020, 21:01 145

Ақмола облысында Абайдың әдеби орталығы ашылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақмола облысында ұлы Абайдың 175 жылдығын мерекелеу шеңберінде онлайн форматта түрлі шаралар өткізіліп жатыр. Соның бірі – Ақкөл аудандық кітапханасында Абайдың әдеби орталығы ашылды.

Орталықта халқымыздың ұлы ақыны, ойшылы Абайдың өмірі мен шығармашылық әлеміне саяхат жасауға болады. Орталықтың ашылуына аудандық бюджеттен қаржы бөлінген.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің сөзінде оқырмандардың сауатын арттыруға көңіл бөлу керктігін айтқан болатын. Бұл ретте, кітапхананың маңызы зор. Алайда, көптеген кітапханалар жаңғыртуды және цифрландыруды қажет етеді. Ал біздің кітапханада жаңа форматтағы залдарда алаңсыз отырып, кітап оқуға болады, – дейді аудандық кітапхана мамандары.

Айта кетейік, Ақкөл аудандық кітапханасына 1990 жылы ұлы Абайдың есімі берілген. Бүгінгі таңда кітапхана қорында 61000 экземпляр кітап бар. Оның ішінде 6780 мемлекеттік тілде. Кітапхана үш бөлімнен тұрады.

"Рабис" жүйесі көмегімен электронды каталог үшін библиографиялық жазба жүргізіледі. Абонемент, екі оқырман залы және әдістеме залынан тұратын қызмет көрсету бөлімі жұмыс істейді.

Бұдан бөлек, аудандық кітапханада 2007 жылдан бастап, Кеңес одағының батыры, Халық Қаһарманы, ҚР Бірінші қорғаныс министрі, генерал майор Сағадат Нұрмағамбетовтың музейі бар. 2018 жылы кітапханада "Рухани жаңғыру" аудандық кеңсесі мен коворкинг орталық ашылды. Ақкөл ауданында ашылып отырған Абайдың әдеби орталығы бұл Ақмола облысында ашылып отырған үшінші осындай орталық.



Фото: ашық дереккөз
Загрузка...