Әкімдер сайлауы: Ақтөбе облысында санитарлық талаптар сақталған

25 Шілде 2021, 10:25
1663
Бөлісу:
Әкімдер сайлауы: Ақтөбе облысында санитарлық талаптар сақталған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ақтөбе облысы әкімдігінің Facebook-тегі парақшасында тікелей эфирде «Ауылдық округ әкімдерін сайлау» тақырыбында брифинг өтті.

Брифинг барысында Ақтөбе облысының Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Нұрсұлу Беркінбаева облыста сайлау кезінде қандай санитарлық талаптар сақталғаны туралы айтып берді.

25 маусым күні елдің Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысы шықты. Қаулыда аудандық маңызы бар қалалардың, аудагдардың, кенттердің және ауылдық округтердің әкімдерін сайлауды ұйымдастыру және өткізу кезінде COVID-19 коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу жөніндегі шаралар туралы жазылған, - деп түсіндірді департамент басшысы.
Оның айтуынша, құжатта алгоритм бекітілген. Алгоритмде бірқатар санитариялық ереже көрсетілген.
Яғни сайлау комиссияларының жұмысы, сонымен қатар сайлау алдындағы үгіт, сайлау учаскесінің дауыс беру, сайлау учаскесінің ережесі, одан бөлек үйде дауыс беруді қалай ұйымдастыру және сайлаушыларға қойылған талаптар нақтыланған. Бұл талаптың барлығы орындалды. Сайлау кезінде де ережелер сақталады, - деп айтты Нұрсұлу Беркінбаева брифингте.
Бұған дейін Ақтөбе облысындағы сайлаушылар саны анықталған болатын.

Өзгелердің жаңалығы