Бас жаңалықтар
АХҚО юрисдикциясы кеңейтіледі – Мамин
20 Тамыз 2019, 12:10 233

АХҚО юрисдикциясы кеңейтіледі – Мамин

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Үкімет басшысы Асқар Мамин жаңа заң жобасы АХҚО юрисдикциясын инвестицияларды тарту мен қорғау үшін кеңейтетінін айтты. Бұл туралы премьер-министрдің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында «Астана» халықаралық қаржы орталығы қызметінің қазіргі нәтижелері мен перспективалары туралы «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Қайрат Келімбетов, ҚР бірінші қаржы вице-министрі Б. Шолпанқұлов баяндады.

ҚР Тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей бастамасымен құрылған «Астана» халықаралық қаржы орталығы ұлттық инвестициялық реформаның маңызды құрауыштарының бірі және еліміздің экономикалық өсімін жеделдетуге бағытталған. АХҚО бизнесті шетелдік инвестициялармен қамтуда және капиталға қол жеткізуде маңызды рөл атқарады.

АХҚО аумағында әлемдік қаржы құрылымдарының озық тәжірибелері ескерілетін ерекше құқықтық режим әрекет етеді.

Еліміздің қаржылық платформасын одан әрі дамыту мақсатында, атап айтқанда қаржы орталығының құқықтық юрисдикциясын дамыту мақсатында ҚР Үкіметінің мүшелері АХҚО туралы конституциялық заңға өзгерістер енгізу жобасын мақұлдады. Инвестициялық салық резиденттігі бағдарламасының негізгі тұжырымдамасы – инвестордың және оның отбасы мүшелерінің Қазақстан Республикасына бірнеше мәрте келу визасын алу мүмкіндігін ұсына отырып, шетелдік жеке тұлғалардың капиталын елге тарту.

Сонымен қатар, заң жобасында АХҚО органдарының еңбек қатынастарын және сатып алу рәсімдерін реттейтін актілерді қабылдауға құқығы бар екені қарастырылған.

Жаңа заңнамалық бастамалар тартымды инвестициялық ахуал құруға және инвесторлар тарапынан сенім қатынастарын қалыптастыруға ықпал етеді.

«100 нақты қадам» ұлт жоспары аясында 2015 жылы АХҚО туралы арнайы Конституциялық заң қабылданып, оның мақсаты, міндеттері мен қызметінің принциптері анықталды. Осы Конституциялық заңға бүгін ұсынылып отырған түзетулер Қаржы орталығының еліміздің негізгі қаржы платформасы ретінде жылдам қалыптасып, дамуына және оның юрисдикциясын инвестицияларды тарту мен қорғау үшін пайдалануға мүмкіндік береді», - деді ҚР Үкіметінің басшысы.

Сондай-ақ, Асқар Мамин АХҚО қызметін жетілдіру жөніндегі жұмыстарды жалғастыруды тапсырды.



Фото: дереккөз
Загрузка...

Сізден жаңалық