Ахметов: Хауа Бұланбаеваны және басқа да жерлестерімізді міндетті түрде құттықтаймын

4 Мамыр 2021, 22:03
798
Бөлісу:
Ахметов: Хауа Бұланбаеваны және  басқа да жерлестерімізді міндетті түрде құттықтаймын

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін облыс басшысы даниал Ахметов Жеңіс күніне орай жоспарланған іс-шаралар бойынша жиын өткізді.

Дәстүрге сай, биыл да ардагерлер мен тыл еңбеккерлерін қолдауға басты назар аударылып отыр. Соғыс жылдары ұстаздық еткен, тыл еңбеккері Хауа Бұланбаеваның құттықтауына байланысты мәселе де егжей-тегжейлі талқыланды. Облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Айтқазы Шерубаевқа сөгіс жарияланды.

Жеңіс күні - ең айтулы мереке, алайда ардагерлер мен тыл еңбеккерлеріне қамқорлық жасауды және оларды қолдауды біз жыл бойы ұмытпаймыз. Әрбірі біздің жадымызда, олардың өмірлері жақсы болуы үшін қолдан келгеннің бәрін жасауға тырысамыз. 9 мамыр қарсаңында мен Хауа Бұланбаеваны және біз мақтан тұтатын басқа да жерлестерімізді міндетті түрде мерекемен құттықтаймын, - деп жазды facebook-тегі парақшасында.
Биыл өңірдегі Екінші Дүниежүзілік соғыстың 79 ардагері 1 миллион теңгеден алады. Жүз мыңнан Ленинградтың қоршауында болған 11 ардагер, 24 концлагерь тұтқынына, 320 марапатталған тыл еңбеккерлеріне беріледі. 12 491 марапатталмаған тыл еңбеккері мен 531 ҰОС жесірі 42 500 теңгеден алады.
Біздің әрқайсымыз ардагерлер мен тыл еңбеккерлерінің жасаған ерліктерін жоғары бағалайтынымызға сенімдімін. Менің әкем 18 жасында әскерге шақырылып, қан майданда жаумен шайқасты. Курск шайқасында және Берлинді басып алу кезінде үш рет ауыр жарақат алды. Аға лейтенант Ахметовтің алғашқы жауынгерлік наградасы "Ерлігі үшін" медалі болды. Әрбір отбасының өз соғыс тарихы бар. Бұл ретте баршамыздың қасиетті міндетіміз - әкелеріміз бен аталарымыздың ерліктерін есте сақтау және құрметтеу, - деді қала басшысы.

Құрметті жерлестер! Бүгін Жеңіс күніне орай жоспарланған іс-шаралар бойынша жиын өткіздім. Дәстүрге сай, биыл да...

Опубликовано Danial Akhmetov Вторник, 4 мая 2021 г.
Өзгелердің жаңалығы