Агроөнеркәсіп кешенінде 500 мыңнан астам әйел жұмыс істейді – АШМ

8 Наурыз 2021, 10:27
2167
Бөлісу:
Агроөнеркәсіп кешенінде 500 мыңнан астам әйел жұмыс істейді – АШМ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады.


Мерекелеріңізбен, ардақты арулар! 

Еліміздегі 500 мыңнан астам әйел халықты азық-түлікпен қамтамасыз етеді.

Ауыл шаруашылығы – Қазақстан экономикасының ең маңызды және күрделі салаларының бірі. Бүгінде республиканың агроөнеркәсіп кешенінде 500 мыңнан астам әйел жұмыс істейді. Олар ер-азаматтармен тең дәрежеде жер өңдейді, мал өсіреді, аграрлық ғылыммен, ауылшаруашылық шикізатын өңдеумен және тамақ өндірумен айналысады.

Көктемнің осы бір шуақты мерекесінде аруларымыздың ауыл шаруашылығын дамытуға және елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге өлшеусіз үлес қосып келе жатқанын, маңызды рөл атқаратынын айрықша атап өткім келеді.

Құрметті арулар, сіздерді 8-наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтай отырып, зор денсаулық, мол бақыт тілеймін. Отбасыларыңыз аман, еңбектеріңіз жемісті болсын!, - деді Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров.

 


Өзгелердің жаңалығы