"Адамзаттың алыбы – хакім Абай" атты ақындар айтысы өтеді

7 Ақпан 2020, 13:42
2427
Бөлісу:
"Адамзаттың алыбы – хакім Абай" атты ақындар айтысы өтеді
Фото: автордан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Айтыс десе делебесі қозбайтын Алаштың баласы жоқ. Ертең елордада Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған "Адамзаттың алыбы – хакім Абай" атты республикалық ақындар айтысы өтеді. Республикалық додаға 16 ақын қатысады. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясында белгілі болды.

Биыл елімізде айтулы жыл. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы биылғы жылды Абай бабамыздың 175 жылдық мерейтойын атап өту жөнінде тапсырма берген болатын. Арнайы жоспар құрылды. Абай атамыздың қалған мұрасын насихаттау және оны келешек ұрпаққа қалдыру. Қазақтың рухын, халқымыздың рухани дүниесін Абайдың мұрасымен байыту. Ертең Нұр-Сұлтан қаласында "Адамзаттың алыбы – хакім Абай" атты республикалық ақындар айтысы өтейін деп отыр. "Астана" концерт-залында сағат 14:00-де. Айтысқа 16 ақын қатысады. Төрағалық ететін қазылар анықталды. Бұл республикалық айтыстың тікелей ұйымдастырушысы – ҚР Мәдениет және спорт министрлігі. Бұл да "Nur Otan" партиясының қолдауымен өтейін деп отыр, - деді ҚР мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов.
 

Бұл орайда "Nur Otan" партиясы орталық аппаратының саяси жұмыс департаментінің директоры Ерлан Қарабалаев  Ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойына арналған кешенді шаралардың жоспары құрылғанын айтты.
 

Айтыс өнері бағытын қолдау жұмыстарын әбден қолға алынған. 2019 жылы жылдың ең басты айтысы "Тұғыры биік Тәуелсіздік" тақырыбында "Алтын Домбыра" өткен болатын. "Nur Otan" партиясының қолдауымен биыл желтоқсан айында тағы да өтеді. Ертеңгі дода айтыстың биылғы маусымын ашады. "Nur Otan" партиясы айтысты қолдап келеді және қолдауды жалғастырады,- деп айтты Ерлан Қарабалаев. 


Брифингте сөз сөйлеген Халықаралық жыршы-термеші және айтыс ақындары одағының төрағасы Жүрсін Ерман айтыстың арнайы ережесі бекітілгенін хабарлады.
 

Абайға арналған бұл еліміздегі бірінші айтыс өтейін деп отыр. Алда әлі бірнеше айтыстар болады. Соңғы жылдары айтысты табиғи қалпынан шығарып алдық пе деген қауіп бар. Оралда өткен айтыста 60-70 ақынның басын қосып, айтыстардың шынайылығына қарай қол жеткізейік деп айтыстың ережесін бекіттік. Соған сәйкес ертеңгі айтыс қалай өтеді деп өзімізде қобалжып отырмыз. Өйткені, бұл айтыс бұрынғыдан өзгеше. Айтыстың шынайылығы мен табиғилығын сақтау үшін суырыпсалма қасиеттілігіне аса мән беріп отырмыз, - деп мәлім етті айтыстың жанашыры Жүрсін Ерман. 




 

Өзгелердің жаңалығы