Адам саудасы бойынша күдікті Бахрейннен Қазақстанға экстрадицияланды

5 Маусым 2021, 10:46
2399
Бөлісу:
Адам саудасы бойынша күдікті Бахрейннен Қазақстанға экстрадицияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылғы 5 маусымда Бас прокуратура мен Интерпол қызметкерлері Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің көмегімен Бахрейн Корольдігінен Зарифа Османованы экстрадициялады, деп хабарлады Бас прокуратураның ресми сайты.

Оған Қазақстаннан Бахрейнге қыздарды жыныстық қатынастарға түсу мақсатында пайдалану үшін жіберуді жүзеге асырған трансұлттық ұйымдасқан топты басқарған деген күдік келтірілуде.

Қылмыс жасалғаннан кейін З.Османова қылмыстық қудалау органдарынан жасырынды, сол үшін халықаралық іздеуге жарияланды, - деп хабарлады ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта ол Нұр-Сұлтан қаласының тергеу изоляторына қамауға алынды.






Өзгелердің жаңалығы