Астана, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев шетелдік жұмыс берушілерге жоғары деңгейлі кадрлар ауадай қажет екенін айтты. Сондықтан өзіміздің озық білімі бар азаматтарды уысымыздан шығарып алмау - басты талаптардың бірі.
«Бүгін цифрландыру саласы дүниежүзі бойынша өте ауқымды трендке айналып отыр. Қазіргі кезеңде әлем елдерінің даму көрсеткіштері де осы саламен бағаланады. Бүгінгі күні дамыған елдер технологиялық жарысты жандандырып, цифрлық тәртіпті белсенді түрде қабылдауға көшті. Тек Еуроодақ елдерінің өзінде 2017 жылы өнеркәсіптік цифрландыру бағыты бойынша 30-ға жуық ұлттық және аймақтық бастама қолға алынған», - деді Абаев Мәжілісте өтіп жатқан «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысы туралы Үкімет сағатында.
Министрдің айтуынша, «Индустрия 4.0» элементтерін сәтті енгізу – бұл біздің еліміздің ұлттық қауіпсіздігіне де оң әсерін тигізетін шаруа.
«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының тамыры тереңде жатыр. Бағдарлама біздің өмірімізге ауқымды өзгеріс алып келетін, заман талабына сай болашаққа түрлі бағыттар ашатын базиске айналмақ. Оның негізгі аспектілеріне тоқталайын: біріншіден, кәсіпкерлік ортада бәсекеге қабілеттілік артады. Цифрлық экономиканы ауқымы шектеулі, мемлекеттің көмегіне ғана жүгініп отырған компаниялар арқылы қарқынды дамыту мүмкін емес. Экономикадағы басты басымдық жеке бизнеске берілуі тиіс. Екіншіден, бұлттық есептеу, жасанды интеллект, машиналық білім беру, үлкен деректер қоры, интернет заттар мен тағы басқа да технологияларды еркін игеруді қолға алу маңызды. Сарапшылардың статистикасы бойынша, жасанды интеллекті енгізу 2030 жылы әлемдік Ішкі жалпы өнімге 14% өсім береді. Бұл Қытай мен Үндістанның өндірістік кәсіпорындарының қазіргі жиынтық көлемінен де артық көрсеткіш. Үшіншіден, кадр дайындау ісіне баса мән беру қажет. Әрине, мемлекеттік бағдарламаның аясында білім беру үрдісіне барлық сатылар бойынша тиісті іс-шараларды қолданып отырмыз», - деді ведомство басшысы.
Министрдің мәліметінше, алайда мемлекеттік бастамаға, білім беру мекемелері мен жоғары оқу орындарының өздері де белсенді араласуы керек.
«Қазір ІТ-саласының қызметкерлері әлем бойынша ең қажетті мамандықтар тізімінде екінші орында тұр. Осы орайда, шетелдік жұмыс берушілерге жоғары деңгейлі кадрлар ауадай қажет. Сондықтан өзіміздің озық білімі бар азаматтарды уысымыздан шығарып алмау басты талаптардың бірі. Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, экономиканы жан-жақты нығайту үшін еңбек нарығындағы ІТ мамандардың үлесі үш пайыздан төмен болмағаны дұрыс. Осы орайда, Қытайдың тәжірибесін мысалға келтіруге болады. Олар биыл шетелде қызмет істеп, табыс тауып жүрген 432 мың ІТ-мамандарын елдеріне қайтарып алған. Бұл Қазақстанның Ақтөбе немесе Қарағанды сияқты облыс орталықтарындағы халық санымен бірдей көрсеткіш», - деді Дәурен Абаев.
Ведомство басшысы, төртіншіден, осы саладағы заң шығару жұмысының жоғары деңгейде қалуы аса маңызды екенін айтты.
Жаңалықтар
бүгiн, 23:05
МӘМС: Бір жылда 15 054 пациент кеңес алды
бүгiн, 22:50
Елімізде тоқыма өнімінің көлемі артқан
бүгiн, 22:35
COVID-19. Алматылықтардың назарына!
бүгiн, 22:20
Барлар мен мейрамханаларда көңіл көтеруге қатаң тыйым салынды
бүгiн, 22:05
СІМ Түркия мен Украинаның Қазақстандағы елшілерін қабылдады
бүгiн, 21:50
Елімізде ет қоры жеткілікті – АШМ
бүгiн, 21:35
Биыл Жезқазғанға айрықша көңіл бөлеміз - әкім
бүгiн, 21:20
Сергекті алдамақ болған жүргізуші жауапқа тартылды
бүгiн, 21:05
Алматыда Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысы өтеді
бүгiн, 20:51
Енді көлікті онлайн режимде қайта тіркеуге болады
бүгiн, 20:35
Nur Otan партиясының жұмыс тобы Ақтөбе облысына барды
бүгiн, 20:12
Коронавирусқа қарсы екпе балаларға салынбайды
бүгiн, 20:00
Коронавирустан қайтыс болды деген оқушыға қатысты дәрігерлер түсінік берді
бүгiн, 19:45
Биыл Алматыда ескі үйлердің 62 иесі бес қабатты жаңа үйге көшіріледі
бүгiн, 19:30
Президент ауызсумен жабдықтауды субсидиялау туралы заңға қол қойды
бүгiн, 19:20
Халед Хоссейнидің кітабы 2021 жылдың Жыл кітаптары тізіміне енді
бүгiн, 19:04
Түркістан облысында қарлы бораннан 400-ге жуық адам құтқарылған
бүгiн, 18:49
Назарбаев Жоғары Сот Кеңесінің төрағасын қабылдады
бүгiн, 18:35
Нидерландыда коменданттық сағатқа қарсы жаппай наразылық өтті
бүгiн, 18:20
5 ақпанда Еуразиялық үкіметаралық кеңестің кезекті отырысы өтеді
бүгiн, 18:02
Аймағамбетов Назарбаевқа білім және ғылым саласының қазіргі ахуалын баяндады
бүгiн, 17:54 PHOTO
Алматы кітапханалары жаңа форматқа көшуде
бүгiн, 17:42
Елордада өткен түні 7 мың текше метрге жуық қар шығарылды
бүгiн, 17:29
Жапон халқы осы жазда Токио Олимпиадасын өткізуге қарсы
бүгiн, 17:16
Елімізде «әкімшілік іс жүргізу» ұғымы енгізіледі
бүгiн, 17:15
Вакцинация. Көп сұраққа бір жауап
бүгiн, 17:05
Жеке адамдардың мүддесі сотта жоғары деңгейде қорғала бермейді – Сәдуақасов
бүгiн, 16:54
Сот арыз берушілерге жәрдемдесуі керек – Түкиев
бүгiн, 16:44
Әкімшілік әділет. Құқықтық даулар бөлек қарастырылады
бүгiн, 16:31
Әрбір азамат вакцинациядан бас тартуға құқылы – дәрігер
бүгiн, 16:18
COVID-19-ға қарсы жаппай вакцинация қалай жүргізілетіні белгілі болды
бүгiн, 16:14
Кабулда лаңкестер Италия елшілігінің көлігін жарып жіберген
бүгiн, 15:58
Коронавирус: Түркістан облысы «Жасыл аймақта»
бүгiн, 15:44
Дубай-Алматы рейсімен келген 4 жолаушыдан коронавирус анықталды
бүгiн, 15:33
Ұлттық банк: Базалық мөлшерлеме 9,00% деңгейінде сақталады
бүгiн, 15:21
Зейнеткерді тонаған азамат ұсталды
бүгiн, 15:08
АШМ: Көктемгі егіс науқанына дайындық жүргізілуде
бүгiн, 14:54
Өскеменде жаяу жүргіншіні автобус қағып кетті
бүгiн, 14:37
Терезе жасауға уәде берген алаяқ жәбірленушінің 280 мың теңгесін алған
бүгiн, 14:19
Германияда екпеден бас тартқандар жұмысынан шығарылды
бүгiн, 14:00
Ертең Президенттің төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді
бүгiн, 13:48
COVID-19 вакцинациясы туралы бірыңғай сертификат енгізіледі
бүгiн, 13:32
Қазақстан даму банкі төрағасы қаржыландырылған жобалар жайлы айтып берді
бүгiн, 13:24
Еуразиялық экономикалық одақ жобаларын жүзеге асыру үшін қаржы тартылды
бүгiн, 13:20
Зейнетақы жинақтары: Өтінімдердің жойылу себептері айтылды
бүгiн, 13:08
Түркістан облысының 58 ауылында электр желілері жаңарды
бүгiн, 12:45
Nur Otan-ның жастар қанатының жаңа басшысы тағайындалды
бүгiн, 12:42
2022 жылдың соңына қарай 827 радиотелевизиялық станция толықтай іске қосылады
бүгiн, 12:32
Жамбыл облысында 2020 жылы «Бақытты отбасы» орталығы ашылды
бүгiн, 12:24
Павлодарда кондукторы жоқ трамвай жолға шықты
Нұр-Сұлтан, Қазақстан
00:29
−10°C
−15°C сезіледі
-
-
1Балабақшалар, мектептер мен колледждер аттестаттаудан өтетін болады – министр179562Мәжіліс депутаты шулы заңға қатысты түсінік берді60763Дәрігерлер ер адамның өмірін қысқартатын өнімді атады59064Үкімет қашан ауысатыны белгілі болды51125Сауалнама: Халық қай партияны таңдайтынын көрсетті2810
