Абай облысындағы өрт: Волонтерлер де қол ұшын созып жатыр

10 Маусым 2023, 20:10
1750
Бөлісу:
Абай облысындағы өрт: Волонтерлер де қол ұшын созып жатыр
Фото: АҚДМ баспасөз қызметі

Абай облысындағы өртке байланысты Мемлекет басшысы өкілетті органдарға жағдайды реттеуді тапсырғаны белгілі, деп хабарлайды BAQ.KZ АҚДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл орайда, аймақтағы волонтерлер өртті сөндіруге тартылған қызметкерлерге, азық-түлік сатып алуға, тамақтандыруға және т.б. қатыстырылған қызметкерлерге жан-жақты көмек көрсетіп жатыр.

Бұған қоса, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің үйлестіруімен Ұлттық волонтерлік желісі эвакуацияланған елді мекендердің тұрғындарына және өртті сөндіруге тартылған мамандарға гуманитарлық көмек көрсету үшін қаражат жинауды жариялайды. Барлық қатысушылардан осы акцияны қолдауға шақырамыз.

Жиналған қаражат @volontery_semey_lider.kz аударылады, волонтерлер қажетті тауарларды сатып алып, төтенше жағдай орнына жеткізіледі.

Жеке тұлғалар үшін:
Kaspi қосымшасында «қайырымдылық» бөліміне өтіп, «Ұлттық волонтерлік желісі» қызметін таңдау қажет.

Halyk Homebank қосымшасында «барлық төлемдер», «қайырымдылық» бөліміне өтіп, «Ұлттық волонтерлік желісі» қызметін таңдаңыз.
Заңды тұлғалар үшін:
«Ұлттық волонтерлік желісі» ЗТБ
БСН 120940015916 «Қазақстан Халық Банкі» АҚ КБЕ 18
БИК: HSBKKZKX
Р / С: KZ23601A871001005521

Өзгелердің жаңалығы