Бас жаңалықтар
Абай-175: Ақынның мұрасын шетелде паш етті
PHOTO
10 Ақпан 2020, 17:02 207

Абай-175: Ақынның мұрасын шетелде паш етті

Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойына орай Барнауыл қаласының Алтай университетінде Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ ақын шығармашылығына арналған көрме ұйымдастырды.

1.jpg

Азия университеттері қауымдастығының қолдауымен Ресейдің Барнауыл қаласында өткен шарада Ресей, Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстан сияқты елдердің жоғары оқу орындары өкілдері басқосты. Халықаралық кездесудің маңызды оқиғасы Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік техникалық университетінің Ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырған көрмесі болды.

2.jpg

2020 жылы Қазақстанда ұлы ойшыл, ақын, композитор, философ, қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы аталып өтілетіні белгілі. Қазақ халқының рухани ұстазы болып келетін ақынның шығармалары әр қазақстандықтың үстелінде тұратын әрі күнделікті өмірінде қолданатын кітабы. Оның еңбектері адамдарды даналыққа, шыншылдыққа, еңбексүйгіштікке және бауырластыққа шақырады, - деді Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ-дың бірінші проректоры Сәуле Рахметуллина.
4.jpg

Жоғары оқу орны көрмесінің құндылығын Семей қаласының Абай айтындағы мамандандырылған облыстық кітапханасының материалдары арттыра түсті. 

5.jpg

Олардың қатарында Абайдың, ақынның қазақ жеріне айдалып келген достарының фотопортреттері, "Абай әлемі" сериясы (Шәкәрім Құдайбердіұлының, Достоевскийдің, Әуезовтың, Қашаубаевтың, Ивановтың) аясында жарық көрген кітаптары болды. Шара барысында Алтай университетінің "Қазақстандық бағыт және Н.Назарбаев" Құрметті кафедрасына ұйымдастырушылар тарапынан "Абай әлемі" сериясы аясында шыққан жарияланымдар, сондай-ақ Халықаралық Абай клубының жетекшісі болған, философия ғылымдарының кандидаты, профессор Евгений Григорьевтің "Адам бол", "Абай и движение Алаш", "Прометей Великой степи", "Прошу: прислушайтесь к словам моим. Научно-популярные очерки общественно-политических и философских взглядов Абая" кітаптары сыйға тартылды. Көрме қонақтарына Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ дайындаған Абайдың өмір жолы мен шығармашылығына арналған бейнефильм көрсетілді.

8.jpg

Бұдан бөлек, ШҚМТУ студенттері болып келетін Әділет Қасақаев пен Аяужан Аянқызы Абайдың музыкалық композицияларын нақышына келтіре орындап, ақынның өлеңдерін жатқа айтып, челленджді Алтай университетінің студенттеріне жолдады. Ал эстафета таяқшасын алғанАлтМУ студенттері челленджді өз кезегінде Мәскеу қаласындағы Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы елшілігінің жақында ғана тағайындалған елшісі Ермек Көшербаевқа жолдады.


Фото: дереккөз
Загрузка...