Ақтөбеде Абай Құнанбайұлына ескерткіш ашылады

14 Ақпан 2020, 01:33
1519
Бөлісу:
Ақтөбеде Абай Құнанбайұлына ескерткіш ашылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбеде Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай ескерткіш ашылады. Осыған орай жергілікті ақпарат құралдарында ақынға арналған ескерткіштің үздік жобасы үшін конкурс жарияланды.

2020 жылы Ақтөбе аймағы да Абайдың 175 жылдық мерейтойын кең көлемде атап өтеді. Осы шара аясында бүгінде Абай ескерткішінің үздік жобалық құрылымын жасауға өтінімдер қабылдау басталған.

Облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының мәліметінше, ескерткіш тамыз айында Абай бульвары мен Есет батыр көшесінің қиылысында орнатылады деп күтілуде.

Облыста әлеуметтік маңызы бар іс-шаралар жоспары жасалды, қажетті қаражат бөлінді. Биыл халқымыздың Абайдай дара тұлғасының мерейтойына орай облыста 160-қа жуық шара өтеді. Ақтөбе қаласының тұрғындары мен қонақтары үшін облыстық тарихи-өлкетану музейінде "Жидебай-Бөрілі" қорығынан көрме ұйымдастырылып, облыстық драма театрда филармония әртістерінің қатысуымен "Абайды білмек керек ойлы жасқа" қойылымы өтеді. Ұстаздар мен өнер адамдарының арасында түрлі байқаулар, концерттік бағдарламалар, көрмелер ұйымдастырылады. Ұлы ақынның бейнесін халық халық жадында мәңгілікке қалдыру үшін қаланың орталық даңғылында Абай ескерткіші орнатылады, - дейді  басқарма басшысы Нұрхан Қадырбаев.

Өзгелердің жаңалығы