Ақтөбе облысының екі ауылына газ берілді

9 Желтоқсан 2019, 20:25
4012
Бөлісу:
Ақтөбе облысының екі ауылына газ берілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қобда ауданынының Білтабан және Егіндібұлақ ауылына көгілдір отын берілді, деп хабарланды Aktobenews.kz сайтында.

Тәуелсіздік күні қарсаңында Қобда ауданының екі ауылына газ барды. Егіндібұлаққа ауылішілік газ құбырын тарту үшін 117 миллион теңге жұмсалды. Ал Білтабан ауылындағы құрылыс жұмыстарына 89 миллион теңге бөлінді.

Қобда – Бестамақ магистралды желісі мен төрт ауылға газ кіргізу үшін 1,2 миллиард теңге жұмсалды. Бұл жұмыс облыс әкімдігі мен газ тарату компаниясы арасындағы келісім аясында іске асырылды, - деді облыс әкімінің орынбасары Аманғали Бердалин.
Айта кетейік, алдағы уақытта аудандағы Жаңаталап, Терісаққан, Жарсай, Сарбұлақ ауылына газ  құбырын тарту үшін жобалық-сметалық құжат дайындалып жатыр. Ауданның 47 пайызына көгілдір отын жетті.
Өзгелердің жаңалығы