АҚШ-та қонақ үйдің бір бөлігі опырылып түсті

13 Қазан 2019, 14:24
2013
Бөлісу:
АҚШ-та қонақ үйдің бір бөлігі опырылып түсті
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жаңа Орлеанда салынып жатқан Hard Rock қонақ үйі құлап, бір адам қаза тапты. Тағы үш адам үйінділер астында қалуы мүмкін.

Құрылыстың құлағаны видеоға түсіп қалған. Куәгерлер түсіріп алған видеолар WDSU New Orleans каналы мен  Youtube-те жарияланған. Жергілікті БАҚ-тың хабарлауы бойынша оқиға 12 қазан күні болған. 


Видеода көріп отырғанымыздай, қайта құрылып жатқан ғимараттың жоғарғы қабаттары құлап, құрылыс материалдары жан-жаққа шашылып жатыр. Барлығы 10 қабат құлаған. Сонымен қатар жақын маңда орналасқан ғимараттар да зардап шеккен. 

Куәгерлердің айтуынша, ғимарат құлаған кезде ішінде 45 адам болған. Ауруханаға 18 адам жеткізілген, оның үшеуінің жағдайы ауыр.
Құрылыстың бас мердігерінің сайтындағы ақпаратқа сүйенсек жоба сомасы 85 млн АҚШ доллары тұратын көрінеді. 



Өзгелердің жаңалығы