АҚШ-та мерзімінен бұрын дауыс беру басталды

19 Қыркүйек 2020, 11:35
1671
Бөлісу:
АҚШ-та мерзімінен бұрын дауыс беру басталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚШ-та президенттік сайлауға байланысты мерзімінен бұрын дауыс беру басталды.

Коронавирусқа қарамастан, кей шататтарда сайлаушылардың белсенділігі жоғары. Миннеаполис қаласында сайлау учаскесі ашылған соң жарты сағатта 50-ге жуық адам келіп, өзінің таңдауын білдірген. 

Індетке байланысты сақтық шаралары күшейтілген. 

Биыл сайлауда пошта арқылы дауыс беру рекордтық көрсеткішке жетуі мүмкін, – деп отыр Миннесота штатының билігі.

Хабар24 арнасының мәліметінше, қазірдің өзінде 900 мыңнан астам азамат өтініш білдірген. Айта кетейік, АҚШ-та президенттік сайлау қарашаның 3-іне белгіленген. Додаға республикалық партия атынан президент Дональд Трамп түссе, демократиялық партиядан АҚШ-тың бұрынғы вице-президенті Джо Байдан сайысады.

Өзгелердің жаңалығы