Бас жаңалықтар
Ақмола мен Шығыс Қазақстан облысында ескерту жарияланды
09 Қараша 2019, 01:39 155

Ақмола мен Шығыс Қазақстан облысында ескерту жарияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК ауа райының қолайсыздығына байланысты екі өңірде дауылы ескерту жариялады.

Синоптиктердің болжамы бойынша 9 қарашада Ақмола облысының кей жерінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа, шығысқа ауысады, кей жерлерде күші 15-20 м/с.

Көкшетау қаласында 9 қарашада тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа, шығысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с.  

Күндіз 09 қарашада Шығыс Қазақстан облысында кей жерде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Кей жерде бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші кей жерде 15-20 м/с күтіледі.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...