Қостанайда ұрланған көліктерді іздеуге көмектесетін 30-ға жуық бейнебақылау орнатылды

14 Тамыз 2019, 11:33
1411
Бөлісу:
Қостанайда ұрланған көліктерді іздеуге көмектесетін 30-ға жуық бейнебақылау орнатылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тамыздан бастап облыс аумағында көлік ағынын бақылайтын және жылдамдық режимін бұзған транспортты тіркейтін 9 «Автоураган» бейнебақылау кешені пайдалануға беріледі. Бұл жөнінде облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Автоураган» – бұл қаладағы көлік ағынын бақылайтын стационарлық кешен. Жол-көлік ережесінің сақталуын анықтайды, ұрланған көлік құралдарын іздестіруде көмегі аз емес. ІІМ деректер базасы бойынша, барлық автокөлікті тексереді. Алғашқы 8 «Автоураган» 2018 жылдың қаңтар айында Қостанай қаласына және ішінара облыс орталығының аумағына шығатын жолдарда іске қосылған болатын, одан кейін тағы12-сі орнатылды», - делінген таратылған ақпаратта.
Өзгелердің жаңалығы