Бас жаңалықтар
8 жылда 35 мың әйел бизнес ашу бойынша оқытылды
03 Наурыз 2021, 15:30 557

8 жылда 35 мың әйел бизнес ашу бойынша оқытылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы  «Әлеуметтік динамика» ҚҚ директоры Елена Ожго жаңа жағдайдағы әйелдер кәсіпкерлігі: сын-қатерлер мен мүмкіндіктері туралы өткен брифингте айтты. 

Шалғай жатқан ауылдарға барып, әйелдерді оқыттық. Себебі бұл жерде шабыт беру де жатыр. Әйелдердің экономикалық әлеуетін арттыруда гендерлік мәселеге де тап болдық. Сондықтан қазіргі оқытулар бизнесті ашу мен өнімді жарнамалау, тиімді іс бастауға қатысты болып отыр. 2012 жвылы бизнес бойынша үздік идеяны марапаттау туралы шешім қабылдадық. Оған республика бойынша барлық әйел қатыса алатын болды. Ең үздік идеяларға грант бөлінді, - деді Елена Ожго. 

Ол атағандай, бүгінгі таңда 81 әйел грант алып, 200-ден астам жұмыс орнын ашты. 

Көшбасшы әйелдер дайындалды. Ел бойынша оқыту тренингтерінен өтті. «Ауыл әйелдерінің форум» оны тек еселей түсті. Пандемия кезіндегі де сұраныс өте жоғары болды. 2019 жылы қоғамдық ұйым мен «Жасыл» экономика және G-Global-ды дамыту коалициясы» бизнесті бастау негіздерін цифрландырды, - деді ол. 

Ожго атағандай, егер 2019 жылы тренингтерде 16 мың адам оқытылса, 2020 жылы оның саны екі есеге көбейді. 

Биыл да онлайнға деген сұраныс көп. Оларды нығайтып, барлығын видеоформатқа көшіріп жатырмыз. Оларды кез келген кезде көруге болады. Курс өткен соң тест тапсырып, оқытудың қорытындысы бойынша сертификат беріледі. Биыл кем дегенде 16 грант беріледі, - деді ол.




Фото: ашық дереккөз
Загрузка...