78 жастағы анасына әдепсіз сөйлеген ұлы 10 тәулікке қамалды

22 Шілде 2021, 12:50
1507
Бөлісу:
78 жастағы анасына әдепсіз сөйлеген ұлы 10 тәулікке қамалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу шарасы аясында Нұр-Сұлтан қаласының полицейлері ІІО есебінде тұрған, отбасы-тұрмыстық қатынастар саласында құқық бұзушылыққа жол берген, спирттік ішімдіктерді асыра пайдаланатын адамдарды тұрғылықты жері бойынша тексереді.

Нұр-Сұлтан қаласы ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, отбасылық-тұрмыстық қылмыстардың алдын алу үшін тексерістер жүргізіледі.

Тексеру кезінде учаскелік инспекторға қарт ана 56 жастағы ұлының мас күйінде үйге келіп, егде жастағы анасымен қақтығысып, әдепсіз сөйлеп, психологиялық зорлық-зомбылық көрсеткені туралы жүгінді, - делінген хабарламада.

Бұған дейін ер адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 1 жыл мерзімге мінез-құлыққа ерекше талап қойылған тұлға ретінде есепте тұрған. Бірақ ол әлі түзелмеген.

Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімімен оған 10 тәулік мерзімге әкімшілік қамау түріндегі жаза тағайындалды.

Естеріңізге сала кетейік, елордалық полиция қызметкерлері Нұр-Сұлтан қаласының аумағында 19-23 шілде аралығында «Құқықтық тәртіп» жедел-алдын алу іс-шарасын өткізеді.

Жедел алдын алу іс-шарасы басталғаннан бері тәртіп сақшылары 2 500-ге жуық әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады. Атап айтқанда, 350-ден астамы спирттік ішімдіктер ішкені үшін, 220-ға жуық ұсақ бұзақылық және 230-ға жуық тыныштықты бұзу фактілері тіркелді.

Өзгелердің жаңалығы