Қазақстан күніне 750 мың маска шығарады

8 Шілде 2020, 15:53
1900
Бөлісу:
Қазақстан күніне 750 мың маска шығарады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 7 шілдедегі жағдай бойынша елімізде тәулігіне 748 мың бетперде өндірілді. Оның ішінде фармацевтикалық кәсіпорындар 549 мың, тігін – 199 мың дана өндірді. 

Қоймаларда 3 798 бетперде бар. Тиісті ақпарат "СҚ-Фармация" ЖШС-не беріліп тұрады. Өз кезегінде ҚР Денсаулық сақтау министрлігі өндірілген өнімді ел өңірлеріне бөледі.

Медициналық бетперделердің ірі өндірушілерінің бірі - "Dolce-Pharm" фармацевтикалық компаниясы. Өткен тәулікте кәсіпорын 210 000 бетперде шығарды.

Бүгінде Dolce-Pharm тоқылмаған материалдардан түрлі бетперделер шығарады. Мысалы, көмір сүзгісі бар қорғаныш маскаларда талшықты белсендірілген көмірден тұратын бірегей сүзгі материалы қолданылады. Бұл сүзгі материалының технологиялық ерекшелігі 99,5% таза көміртекті қамтиды және зиянды бөлшектерді сіңіре алады. Мұндай материалдың бір граммы 200 мг зиянды заттарды ұстауға қабілетті. Көмір сүзгісі бар бетперделер сүзгіш элемент арқылы зиянды бөлшектер, молекулалар мен вирустардың енуіне жол бермейді. Сүзу тиімділігі тіпті 0,01 мкм 99,9% - ға дейін.

Көмір маскасының әдеттегіден айырмашылығы, адамды 4 сағат бойы қорғайды және онда тыныс алу оңай. ⠀

Бір реттік бетперделер 3 қабаттан тұрады. 1-қабат: тоқылмаған материал (PP Nonwoven); 2-қабат: мельтблаун сүзгісі (Melt-Blown Filter); 3-қабат: тоқылмаған материал (PP Nonwoven). Мұрын фиксаторы: темір сыммен икемді пластикалық фиксатор. Бетперде күрделі технологиясының арқасында қорғаудың жоғары деңгейін қамтамасыз етеді.

Fish-Type Dolce-Pharm бетперде респираторлары кию кезінде өте ыңғайлы. Бетперденің қабаттары қатты ультрадыбыстық төсеммен қосылған. Жоғарғы және төменгі қабаты жоғары сапалы мата емес материалдан жасалған, ішінде FFP3 мельтблаун сүзгісі мен сұйықтыққа қарсы қабаты бар. Респираторда клапанның болуы тыныс алуды жеңілдетеді және пайдалану мерзімін арттырады.

Карантин кезінде қолды таза ұстау және бөгде микроорганизмдерден қорғау өте маңызды. "Nitril-Tex" медициналық қолғаптары зертханалар, тіс емханалары және түрлі медициналық мекемелер үшін тамаша шешім. Бұл қолғаптар құрал-саймандарды ұстау кезінде өте ыңғайлы. Сонымен қатар опаның болмауы жараның, зертханалық үлгілердің және зертханалық тестілердің ластануын сақтайды.

Өзгелердің жаңалығы