Бас жаңалықтар
7 өңірде дауылды ескерту жарияланды
30 Қараша 2020, 20:36 159

7 өңірде дауылды ескерту жарияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазгидромет еліміздің бірнеше облысында 1 желтоқсан күнгі ауа райына байланысты дауылды ескерту жариялады.

Қарағанды облысының кей жерлерінде солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Түркістан облысының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын, шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с жетеді.

Түркістан қаласында күндіз шығыстан екпіні 15-20 м/с желдің күшеюі мүмкін.

Қызылорда облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с боладыі.

Қызылорда қаласында күндіз солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.

Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түседі.

Жамбыл облысында кей жерлерде тұман, көктайғақ болады. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.

Тараз қаласында 01-02 желтоқсанда кей уақытта тұман, көктайғақ болады.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі. 

Петропавл қаласында 1-2 желтоқсанда тұман түседі.

Ақмола облысында кей жерлерде тұман, жаяу бұрқасын соғады.

Дауылды ескертудің ықтималдылығы 90-95%.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...