7 айдың ішінде ЖІӨ 4,2% өсті – Дәленов

13 Тамыз 2019, 09:40
6613
Бөлісу:
7 айдың ішінде ЖІӨ 4,2% өсті – Дәленов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов мәлімдеді.

"Биылғы жылдың 7 айында жалпы ішкі өнімнің өсуі 4,2%-ға дейін жеделдеді. Өнеркәсіп, құрылыс және көрсетілетін қызметтер саласында серпін байқалды. Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы мен негізгі капиталға салынған инвестициялардың тұрақты қарқынымен қамтамасыз етілді. Инфляция деңгейі жылдық мәнінде 5,4%-ды құрады. Инвестициялар серпіні Жалпы ішкі өнімнің өсу қарқынынан озық. Оның өсуі 11,3%-ды құрады", - дейді Руслан Дәленов.

Министрдің айтуынша, инвестициялар ауыл шаруашылығында - 61,4%, құрылыста - 46,3 %, саудада - 23,0% және өнеркәсіпте - 18,9% өскен.

Құрылыс бойынша

"Құрылыста жеделдеу байқалады. 7 ай ішінде өсім 11,5%-ға жетті. Өнеркәсіп объектілерінің құрылысы, автомобиль жолдарын, газ құбырларын салу бойынша жұмыс ұлғайды. Сондай-ақ, ірі зауыттарда құрылыс-монтаждау жұмыстары ұлғайды", - деді министр.

Ауыл шаруашылығы бойынша

"Ауыл шаруашылығында тұрақты өсу байқалады. Өндіріс көлемі 3,5%-ға ұлғайды. Өсу мал шаруашылығының 3,5%, өсімдік шаруашылығының 4,4% ұлғаюы есебінен қамтамасыз етілді. Ағымдағы жылғы 31 шілдедегі жағдай бойынша дәнді-дақылдар себу алаңдарының 27,9%-ы жиналды. Өнімділік гектарына 20,4 центнерді құрады", - деді ол.

Көрсетілетін қызметтер саласы бойынша

"Жеделдеу көрсетілетін қызметтер саласында да байқалады. Есепті кезең ішінде аталған сала 4,3% өсті. Бұл сектордың барлық салаларында серпіннің жеделдегені байқалады. Көрсетілетін қызметтер сегментінде ең жоғары өсуді сауда көрсетіп отыр. Сату көлемі 7 айда 7,5% өсті. Бұл негізінен автокөлік құралдарын, автобөлшектерді, мұнай өнімдерін сатудың ұлғаюуымен байланысты. Көлік саласында өсу жалғасуда (5,4%). Бұл салада әуе көлігінің жүк айналымы 64,1%, автомобиль көлігінің жүк айналымы 8,1% өсті", - деді Дәленов. 

Сыртқы сауда бойынша

"Биылғы жылдың қаңтар-маусымында сыртқы сауда айналымы 1,7%, яғни 45,6 млрд долларға дейін ұлғайды. Экспорт көлемі 28,6 млрд долларды құрады. Импорт 17,1 (он жеті де бір) млрд долларды құрады", - дейді министр Руслан Дәленов.

Өзгелердің жаңалығы