Намангандағы халықаралық турнир: Астана спортшылары жеңіс тұғырынан көрінді

2 Мамыр 2024, 19:49
355
Бөлісу:
Намангандағы халықаралық турнир: Астана спортшылары жеңіс тұғырынан көрінді
PHOTO
Фото: Елорда әкімдігі

Өзбекстанның Наманган қаласында 18 сәуір күні басталған волейбол, баскетбол, қол добы (гандбол) сынды спорт түрлерінен 16 жасқа дейінгі жасөспірім ұлдар арасындағы халықаралық турнир өз мәресіне жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Үш спорт түрінен өткен дүбірлі додаға Қазақстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Өзбекстан елдерінің командалары қатысты. Қазақстанның команда құрамында қалалық спорт басқармасына қарасты №5 Балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған олимпиадалық резерв спорт мектебінің тәрбиеленушілері өнер көрсетті.

Намангандағы халықаралық турнир: Астана спортшылары жеңіс тұғырынан көрінді

16 жасқа дейінгі ұлдар арасындағы халықаралық турнир ойындарының нәтижелері бойынша волейболдан ел намысын қорғаған Астаналық құрама командасы жеңіс тұғырынан көрінді. Екінші және үшінші орындарды Өзбекстан Республикасының Наманган қаласының спортшылары еншіледі.

Намангандағы халықаралық турнир: Астана спортшылары жеңіс тұғырынан көрінді

Ал баскетбол жарысының қорытындысы бойынша бірінші орынды Наманган қаласының баскетболшылары иеленсе, күміс медаль отандастарымызға (Астана қаласы) бұйырды. Үздік үштікті Қарақалпақстаннан келген спортшылар қанағат тұтты.

Намангандағы халықаралық турнир: Астана спортшылары жеңіс тұғырынан көрінді

Қол добынан сынға түскен отандастарымыз екінші орынға жайғасса, бірінші орын намангандықтардың еншісінде қалды. Үштікті Тәжікстан Республикасының спортшылары түйіндеді.

Намангандағы халықаралық турнир: Астана спортшылары жеңіс тұғырынан көрінді

Жарыс барысында Наманган облысының Жастар саясаты және спорт басқармасының басшысы Анварджон Туйчиев Астана қаласының спорт өкілдерін арнайы қабылдады. Турнир алдында тараптар спорт саласында келіссөздер жүргізіп, екі елдің арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту мақсатында меморандумға қол қойды.

Намангандағы халықаралық турнир: Астана спортшылары жеңіс тұғырынан көрінді

Сондай-ақ турнир аясында Ресейден келген оқытушының қатысуымен жаттықтырушылар семинары өтті.

 

Намангандағы халықаралық турнир: Астана спортшылары жеңіс тұғырынан көрінді
Өзгелердің жаңалығы