Бас жаңалықтар
42 500 теңгені алу үшін қайда, қандай құжат тапсыру керек?
01 Сәуiр 2020, 18:20 1692

42 500 теңгені алу үшін қайда, қандай құжат тапсыру керек?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін онлайн брифинг кезінде ҚР еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов төтенше жағдай кезіндегі еңбек қатынасы туралы айтып түсіндірді.

Елде жарияланған карантин салдарынан халық табыс көзіне қатысты кері әсерді сезініп жатыр. Естеріңізде болса, ел президенті барлық жұмыс берушілерді жұмыс орындарын сақтауға, жұмысшылардың жалақыларын сақтауға, мүмкіндігінше қашықтан жұмыс істеу немесе ақылы еңбек демалысына жіберуге шақырған болатын. Бірақ, өкінішке қарай, қазіргі жағдайда көптеген мекемелер, әсіресе, шағын және орта бизнес өкілдері бұл талаптарды орындауға мүмкіндіктері болмай отыр. Олар қызметкерлерін ақысыз демалысқа жіберуге немесе қысқартуға мәжбүр болуда, - деді министр.

Көптің көкейінде жүрген 42 500 теңгені кімдер алады, деген сауалға Біржан Нұрымбетов  толыққанды жауап берді.
Бұл төлемді алатындар қатарында ең алдымен, шағын және орта кәсіпорындарда ақысыз демалысқа жіберілген жалдамалы қызметкерлер тұр. Одан кейін жеке тұлғалар, яғни өз-өзін жұмыспен қамтығандар. Олардың ішінде жеке кәсіпкерлер бар. Статистика бойынша елімізде 1,5 миллионнан астам өзін-өзі жұмыспен қамтыған азамат бар. Жеке практикамен айналысып жүрген жалпы саны екі мыңнан асатын адвокаттар, нотариустар, сот орындаушылары, медиаторлар да төлемді алуға құқылы. Азаматтық-құқықтық сипатта жұмыс істеп жүрген азаматтар бар. Олардың саны 180 мыңдай. Сондай-ақ, бірыңғай жиынтық төлемді (БЖТ) төлеген азаматтар. Елімізде соңғы 12 айда 316 мың адам бір рет болса да БЖТ жасаған. Бұлар да карантин салдарынан табыс көзінен айырылуда, - деді ол.

Сондай-ақ, министр 42 500 теңгені алу үшін қайда, қандай құжат тапсыру керектігіне тоқталды.
 Енді ешқандай құжат тапсырудың қажеті жоқ. Тек өтініш беріледі. Біріншіден, жұмыс беруші өтінішіне қызметкерлерінің тізімін қосады. Бұл жерде карантинге байланысты табыс көзінен айырылғанын дәлелдеуді қажеті жоқ. Өтініште көрсетілген мәліметтер қабылданады. Екіншіден, мұның бәрі электронды түрде жүргізіледі. Қазіргі таңда біз бірқатар техникалық шешімдерді іске асырып жатырмыз. Оны әлі де жетілдіру бағытында жұмыс істейміз. Біз ұсынып отырған жолдың біріншісі, бұрыннан қолданылып келе жатқан eGov электронды үкіметі. Сол жердегі "Электрондық өтініш" деген сервиске өзіңіздің өтінішіңізді толтыруға мүмкіндік бар. Бұл жерде өтінішті жеке жүктеу немесе қандай да бір құжатты тіркеу деген талап алынып тасталды. Тек жеке мәліметтеріңізді жазасыз. Аты-жөніңізді, жеке нөміріңізді, карталыө есеп шотыңызды.  Бұл ЭЦП-мен қол қойылады. Бұл туралы да сұрақтар болған. Қазір өзгерістер енгізілді. Енді ЭЦП-мен қатар, SMS арқылы құпиясөз алып, өз қолтаңбаңызды қоюға болады, - деді министр.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...