42 500 теңгеге салық салынбайды

29 Шілде 2020, 12:33
1914
Бөлісу:
42 500 теңгеге салық салынбайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шектеу шаралары уақытында кірістерін толығымен жоғалтқан кәсіпкерлерге мемлекет төлейтін 42 500 теңге әлеуметтік төлем салық салынатын кірістер ретінде қарастырылмайды.   

Мемлекеттің әлеуметтік төлемдері оңайлатылған декларация және патент құнын есептеу бойынша салықтық есептілікте көрсетілмейді. Мұндай төлемдер Салық кодексінің 681-бабының 2-тармағымен белгіленген кірістер тізбесінде кәсіпкерлік қызметін атқару нәтижесінде алынған кірістер ретінде қарастырылмайды. Сонымен қатар, жеке тұлғаларға сияқты, жеке кәсіпкер жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібін қолдану кезінде де әлеуметтік төлем қарастырылмайды. Осылайша, әлеуметтік төлем сомалары, Салық кодексінің 341-бабының 26) тармағына сәйкес, жеке тұлғаның салық салуға жататын кірісі ретінде қарастырылмайды. Сәйкесінше, 42 500 теңге көлеміндегі төлемді салықтық есептілікте көрсетудің қажеті жоқ, - деп хабарлады ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі.

Шектеу іс-шараларын енгізуге байланысты кірістен айырылу жағдайы бойынша біржолғы әлеуметтік төлемді жүзеге асыру қағидаларына сәйкес, біржолғы әлеуметтік төлем төтенше жағдай кезінде төленген әлеуметтік төлем сияқты Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) төленетінін ескерту қажет.

Сонымен, МӘСҚ қорынан жеке кәсіпкерге тағайындалған және төленген әлеуметтік төлем салықтық есептілікте кіріс ретінде көрсетілмейді және жеке тұлғаның табысы ретінде салық салуға жатпайды.

Өзгелердің жаңалығы