Бас жаңалықтар
42 мың теңге көлеміндегі әлеуметтік төлемге құжат қабылдау басталды
27 Наурыз 2020, 17:30 1902

42 мың теңге көлеміндегі әлеуметтік төлемге құжат қабылдау басталды

Алматы, BAQ.KZ тілшісі.  Алматы қаласы әлеуметтік әл-ауқат Басқарма басшысының орынбасары Данияр Әлкебайұлы 42 500 теңге көлемінде әлеуметтік төлем жүргізу үшін құжаттарды қабылдау басталғанын хабарлады.

Оның айтуынша, төтенше жағдай кезіндегі әлеуметтік төлем міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылар ережесіне сәйкес төленеді.
Әлеуметтік төлем келесі санаттағыларға беріледі: ол біріншіден, микро және шағын бизнес өкілдеріне, жеке кәсіпкерлерге, орта кәсіпкерлерге, жеке практикамен айналысатын адамдарға, оның ішінде нотариус, жеке сот орындаушылары, адвокаттар, кәсіби медиаторлар. Одан бөлек бірыңғай жиынтық төлеушілер де бұл төлемге ұсыныс беруге мүдделі, - деді ол. 
адик.jpeg

Әлеуметтік төлемді алу үшін жұмыс беруші жалақы сақталмайтын еңбек демалысына кеткен жұмысшылардың тізімін жасайды және оны электронды үкімет порталы арқылы жұмыспен қамту сұрағы бойынша жергілікті органдарға өтініш беруі қажет.
Олар egov-та өтініш береді, оған қосымша төтенше жағдайға байланысты кәсіпкерлікті шектеу туралы арызы, жұмыстан босатылған адамдардың тізімі және жалақысы сақталмайтын еңбек демалысына кету туралы бұйрығының көшірмесін жолдау қажет. Бұл өтінішіті жұмыспен қамту бойынша жергілікті органдар мен аудандық штабпен қарастырылады. Жергілікті орган тиісті шешімін шығарып, мемлекеттік корпорацияға жолдайды, - деді Данияр Әлкебайұлы. 

Оның айтуынша, жолданған өтініштер корпорацияға жеткен соң төрт күнде шешім шығарылып, аталған жұмысшылардың шотына төлемдер жүргізіле бастайды.




Фото: ашық дереккөз
Загрузка...