42 500 теңге автоматты түрде тағайындала ма?

14 Шілде 2020, 15:45
2204
Бөлісу:
42 500 теңге автоматты түрде тағайындала ма?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл сұраққа ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен онлайн баспасөз конференциясында жауап берді.

Қандай порталдар жұмыс істейді? Өткендегідей, 42500enbek.kz, egov.kz, өз бетінше жұмыспен қамтылған жеке тұлғалар үшін "telegram-bot" жұмыс істейді. Мұның барлығы жұма күннен бастап, іске қосылатын болады, - деді Нұрымбетов.

Министр атап өткендей, қазір қосымша "Халық банк" пен "Каспи банк" ниет білдірді. 

Халықтың өтініштерін қабылдау үшін порталдар құру туралы ұсыныс тасталды. Бейсенбіге дейін бұл мәселені пысықтап, ақпарат береміз. "Өткенде ақыры алдық, жаңадан өтініш бермей, төлей салуға болмай ма?" деген сұрақтар болды. Өтініш өткізбей, алуға болмайды деп шештік. Себебі, әр өңірде әртүрлі. Бұрын тоқтап тұрғандар жұмыс істеп жатыр. Өткен ТЖ-да жұмыс істеп, қазір жұмыссыз қалған азаматтар өтініш беріп, төлемді алуы тиіс. Барлығын емес, белгілі санатты белгілеп, қосымша талабы жоқ азаматтарды Цифрлық министрлікпен қосылып, оларға проактивті түрде өтініш берусіз тағайындауды жасап көреміз. Жұмаға дейін оны жасақтап, белгіленген азаматтарға SMS жібереміз. Оларға проактивті түрде төлем тағайындауға қарсы емес болса, оны жұмадан бастап өтініш ретінде қабылдайтын боламыз, - деді ол.
Айта кетсек, Еңбек министрінің қатысумен өткен онлайн конференция барысында табыссыз қалғандарға 42 500 теңге қашан төленетіні айтылды. Сонымен қатар, әлеуметтік төлемді алу ережелері де белгіленді.
Өзгелердің жаңалығы