400 келі уылдырықты шекарадан алып өтпек болған күдікті ұсталды

6 Қараша 2019, 09:25
2349
Бөлісу:
400 келі уылдырықты шекарадан алып өтпек болған күдікті ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбе облысындағы "Жайсаң" автомобильдік өткізу бекетінде 400 келі қара уылдырықты шекарадан заңсыз алып өтпек болған күдікті ұсталды, деп хабарлады "Хабар 24".

"Даф" маркалы көлігін тексеру кезінде шекарашылар ілеспе құжаты жоқ бағалы тауарды тапқан. Алдын ала болжам бойынша уылдырық бекіре тұқымдас балығының өнімі.

Күдікті Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексіне сай "экономикалық контробанда" бабы бойынша жауапқа тартылады. 
Бұл Қазақстан Республикасының азаматы. Ақтөбе Мәскеу бағытында жол жүріп бара жатқан автокөлікте шамамен ұсталған осетр балығының қара уылдырығы 98 миллион теңгені құрайды, - деді ҚР ҰҚК 2030 әскери бөлімінің штаб бастығының орынбасары Бексилам Әбуов.

Өзгелердің жаңалығы