40 градус: Төрт өңірде ескеру жарияланды

24 Мамыр 2020, 18:52
2504
Бөлісу:
40 градус: Төрт өңірде ескеру жарияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ауа райының бұзылуына байланысты еліміздің бірқатар өңірінде ескерту жарияланды, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі.

25 мамырда Ақтөбе облысында кей жерлерінде найзағай жарқылдап, дауыл соғады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады. Желдің күші кей жерлерде 18 м/с жетеді.

Күндіз Атырау облысының кей жерлерінде және Атырау қаласында солтүстік және солтүстік- шығыстан соғатын жел қарқыны 15-20 м/с болады.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде шаңды дауыл тұрады. Солтүстік- батыстан соққан жел солтүстік-шығысқа ауысады. Жел жылдамдығы - кей жерлерде 15-20 м/с. Күндіз кей жерлерде 40 градус аптап ыстық болады.

Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл соғады. 25 мамырда шығыстан жел соғады. Түнде кей жерлерде желдің екпіні - 15-20 м/с, күндіз кей жерлерде - 25 м/с дейін күшейеді.
Өзгелердің жаңалығы