Алматыда "4 тонна құм" атты экологиялық арт-инсталляция бой көтерді

9 Қазан 2019, 16:05
2782
Бөлісу:
Алматыда "4 тонна құм" атты экологиялық арт-инсталляция бой көтерді
PHOTO
Фото: автордан

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы қаласында Құрманғазы және Бәйсейітова көшелерінің қиылысындағы саябақта қазақстандықтарды шөл даланың падишасы – сексеуілге қамқорлықпен қарауға шақыратын "4 тонна құм" атты экологиялық арт-инсталляцияның тұсаукесері өтті.

Қазақстан аумағының 4,74%-ы орманмен қамтылған, оның жартысына жуығы сексеуілге тиесілі. Өкінішке қарай, қолданыстағы заңнамалық тыйымдарға қарамастан, сексеуіл үйлерді жылыту және тамақ (кәуап) дайындау мақсатында пайдаланылып, оны отау мен кесу жалғастырылуда. Сексеуілді сату жолдардың бойында, хабарландыру сайттарында және басқа да орындарда жүзеге асырылады. 

IMG_20191009_145648.jpg

Арт-нысанның авторы Ярослав Антонюк осы жұмыс арқылы сексеуілді шабудың зардаптарын көрсеткісі келгенін айтады.

IMG_20191009_143454.jpg

«Қазір сексеуілдерді отау қарқынды түрде жүріп жатыр. Оны шабуға тыйым салынса да адамдар оны жалғастыруда. Оның арты үлкен зардаптарға әкелуде. Мәселен бір сексеуіл 4 тонна құмды ұстап тұрады екен. Оларды шапқан соң құмдар ұшып, ауылдағы үйлерді басып қалып жатыр. Жалпы табиғат өз дегенін жасайды. Біз оның бір бөлшегін кесіп тастағанымен, ол басқа жолмен бізге зардап шеккізеді. Жұмысыма Бақанас елді мекеніндегі жағдайды үлгі етіп алдым. Бір сөзбен айтқанда адамның ішкі жан айқайын көрсеткім келді», - дейді ол.

Сонымен қатар ол арт-нысанның Алматы қаласына тегін қойылмағанын айтты.

IMG_20191009_145344.jpg

«Алматы халқы көп үлкен шаһар. Мұнда мейрамханалар мен түрлі демалыс орындары көп. Соларды қоршаған ортаны аялауға шақыру үшін осы саябаққа қойып отырмыз. Қазір көптеген елде сексеуілдің орнына балама отындарды пайдаланып жатыр. Біздегі кәсіппен айналысатындар да соған көшсе дейміз», - деді жұмыстың авторы.

Өзгелердің жаңалығы