Алматыда жол бойынан гранаталар мен кесілген мылтық жасырылған орын табылды

Жасырын орыннан қару-жарақ, гранаталар мен түрлі калибрдегі оқ-дәрілер табылды. Полиция қылмыстық іс қозғады.

 Алматы ПД 18 Қазан 2026, 20:24
18 Қазан 2026, 20:24
184
Фото: Алматы ПД

Алматыда полицейлер Астраханская көшесіндегі үйлердің бірінің жанындағы жол бойынан жасырылған қару-жарақ пен оқ-дәрілерді тапты. Бұл туралы қалалық полиция департаменті хабарлады.

Жасырын орын жеке секторда «Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде анықталған. Оның ішінен кесілген ұңғылы қаруға айналдырылған ТОЗ-25 мылтығы, тапаншаға ұқсас зат және әртүрлі калибрдегі оқ-дәрілер табылды.

Сонымен қатар жарық-дыбыс гранаталарын қоса алғанда, гранаталар мен ықтимал қауіп төндіретін басқа да заттар тәркіленді, – деп мәлімдеді полиция.

 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Алматы қаласының ПД | ДП г.Алматы (@almaty.police)

Наверх