Канададағы әскери базада ірі өрт шықты: зардап шеккендер бар

Альберта провинциясындағы Уэйнрайт әскери базасында болған оқиғаға байланысты федералдық үкімет өңір билігімен бірлесіп жұмыс істеп жатыр.

 pixabay.com 18 Қазан 2026, 13:48
18 Қазан 2026, 13:48
136
Фото: pixabay.com

Канаданың Альберта провинциясындағы Уэйнрайт қарулы күштерінің әскери базасында ірі өрт шықты. Оқиға салдарынан адамдар зардап шеккен. Бұл туралы Канаданың премьер-министрі Марк Карни мәлімдеді.

Үкімет басшысы оқиға туралы X әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды. Оның айтуынша, әскери нысанда ірі өртке себеп болған ауыр оқиға тіркелген.

Әзірге зардап шеккендердің нақты саны мен олардың жағдайы туралы ақпарат жарияланған жоқ.

Марк Карни федералдық үкімет оқиғаға байланысты Альберта провинциясының басшылығымен өзара іс-қимылды үйлестіріп жатқанын да атап өтті.

Наверх