4 қарашаға арналған ауа райы болжамы

4 Қараша 2019, 08:08
1840
Бөлісу:
4 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Дүйсенбіде оңтүстік Каспий циклонының және онымен байланысты атмосфералық фронтальді бөліктердің әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын болады, республиканың оңтүстігінде жаңбыр жауып, қар жауады, деп хабарлады "Қазгидромет" РМК.

Кей жерде жел күшейеді, тұман, көктайғақ болады, солтүстік-батыста, солтүстікте, орталықта және солтүстік-шығыста – жаяу бұрқасын соғады.

Ақмола, Қостанай, Павлодар, Қарағанды ​​облыстарының кей жерінде көктайғақ болады, жел 15-23 м/с күшейеді, жаяу бұрқасын болады. Қостанай, Павлодар, Қарағанды ​​облыстарында тұман болады. Қызылорда облысының кей жерінде тұман, көктайғақ, жел 15-20, екпіні 25 м/с күтіледі. Қызылорда облысында жел 15-20, кей жерде 25 м/с күшейеді, кей жерде тұман, көктайғақ болады. Жамбыл, Ақтөбе, күндіз және таңертең Алматы облыстарының кей жерінде тұман, кей жерде жел 15-22 м/с күшейеді. Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман күтіледі.

 

Өзгелердің жаңалығы