Алматыда нөсер жаңбырға дайындық: 70 мобильді бригада кезекшілікке шығады

Негізгі күш су жиналуы мүмкін учаскелерге бағытталады.

 depositphotos.com 4 Қазан 2026, 22:53
4 Қазан 2026, 22:53
230
Фото: depositphotos.com

Алматыда ауа райының қолайсыздығына байланысты коммуналдық және төтенше жағдайлар қызметтері күшейтілген кезекшілікке көшеді.

«Қазгидромет» болжамына сәйкес, 4 қазан кешінен бастап жаңбыр жауып, түнде жауын-шашын күшейеді. Кей уақытта 15-20 мм-ге дейін қатты жаңбыр жаууы мүмкін. Желдің екпіні 15-18 м/с-қа дейін жетеді. Жауын-шашын 5 қазан түске дейін бәсеңдеп, тоқтайды деп болжануда.

Су басу қаупінің алдын алу үшін 70 мобильді бригада, 337 арнайы техника, 103 мотопомпа және 2,4 мың құм салынған қап дайындалды. Кезекшілікке коммуналдық және төтенше жағдайлар қызметінің 717 маманы тартылады.

Сонымен қатар тәулік бойы 3 080 жол жұмысшысы мен 1 225 арнайы техника кезекшілік етеді. Негізгі күш су жиналуы мүмкін учаскелерге бағытталады.

Ал 6 қазанда Алматыда жауын-шашынсыз, көшпелі бұлтты ауа райы күтіледі.

Наверх