Бас жаңалықтар
Қазақстанда жүру ережесін бұзған шетелдіктер жауапкершілікке тартылды
18 Шілде 2019, 22:46 170

Қазақстанда жүру ережесін бұзған шетелдіктер жауапкершілікке тартылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 16 мен 19 шілде аралығында «Заңсыз келуші - жаз» жедел алдын алу іс-шарасы жүргізілуде. Бұл туралы елордалық ПД-ның баспасөз қызметі хабарлады.

Іс-шара заңсыз көші-қон каналының алдын алу немесе жолын кесу мақсатында өткізіледі.

Көші-қон қызметі, криминалдық полиция, жергілікті полиция қызметкерлерінен тұратын 20 мобильдік топ адам саудасы, заңсыз көші-қон каналын анықтау және қылмыскерлерді іздестіру бойынша елорда аумағында рейдтік іс-шаралар жүргізеді.

«Жедел іздестіру іс-шарасы басталғалы ҚР аумағында жүру-тұру ережесін бұзған 356 шетел азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде еш жерде тіркелмеген 170 адам, жасап отырған қызметі елге келу мақсатымен сәйкес келмеген немесе рұқсатсыз жүрген 150 шетел азаматы анықталды. Жеке тұлғасын анықтау үшін ТМД елінің 40 азаматы Нұр-Сұлтан қаласы ПД қабылдап тарату орталығына орналастырылды», - делінген хабарламада.

Ішкі істер органының есебіне 400 шетел азаматы қойылды.

Осы 2 тәулік ішінде көші-қон заңдылығын бұзған 60 азаматтың елімізде уақытша болу мерзімі қысқартылды.

 


Фото: ашық дереккөз

Сізден жаңалық