Бас жаңалықтар
30 219 науқас ем алып жатыр – Есмағамбетова
04 Шілде 2020, 11:13 200

30 219 науқас ем алып жатыр – Есмағамбетова

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР президенті жанындағы ОКҚ-да өткен онлайн баспасөз конференцияда бас дәрігердің шешімін түсіндіру және жолаушыларды тасымалдауға шектеулер енгізу мәселелері түсіндірілді.

ҚР бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова бүгінгі таңда 45719 жағдай тіркелгенін айтты. 

Қазіргі уақытта коронавирус инфекциямен сырқаттану бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты емес. 4 шілдедегі жағдай бойынша 45719 жағдай тіркелді. Аурудың симптомсыз және жеңіл өтуі 21 819 науқаста байқалады. Аурудың орташа дәрежеде өтуі 23 645 науқаста болса, 15 276 науқас сауығып шықты. 30 219 науқас ем алып жатыр. Соңғы айда коронавирус инфекциясымен ауырғандар саны Нұр-Сұлтан, Шымкент, Алматы қалаларында, БҚО, Қарағанды және Атырау облыстарында тіркелді. Соңғы тәулікте 1644 жұқтыру жағдайы тіркелді, - деді ол. 
Оның айтуынша, 4 шілдедегі жағдай бойынша ауырған адамдардың жалпы көрсеткішінің 42 пайызы профилактикалық тексеру кезінде анықталған. 
37 пайызы - байланыста болған адамдар арасында, 19 пайызы - өздігінен жүгіну кезінде, 2 пайызы – сырттан келгендерде анықталды. Мемлекеттік комиссия 5 шілдеден бастап қатаң карантиндік шектеулерді енгізді, - деді ол.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...