3 тамызға арналған ауа райы болжамы

3 Тамыз 2020, 08:35
1379
Бөлісу:
3 тамызға арналған ауа райы болжамы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Синоптиктер 3 тамыз, дүйсенбіге арналған ауа райы болжамын ұсынады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.

Қазақстан аумағының басым бөлігі антициклон ықпалында болғандықтан 3 тамызда күн ашық болады.

Тек еліміздің батысында ғана найзағай жарқылдап, жаңбыр жауады. Дауыл және шаңды дауыл соғып, бұршақ жаууы ықтимал.

Республиканың кей жерінде жел күшейеді.

Маңғыстау, Атырау облыстарының кей жерінде күн күркіреп, шаңды дауыл тұрады. Бұршақ жаууы ықтимал. Күндіз өңірдің басым бөлігінде жел 17-23 м/с дейін күшейеді.

Батыс Қазақстан облысының кей жерінде найзағай ойнап, шаңды дауыл тұрады. Бұршақ жаууы ықтимал, кей жерде жел жылдамдығы - 15-20 м/с.

Алматы, Жамбыл облыстарының кей жерінде найзағай жарқылдайды. Алматы облысында күн күркіреп, жел екпіні 15-20 м/с жетеді.

Қарағанды, Ақмола, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақтөбе облыстарының кей жерінде жел 15-23 м/с күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде найзаған жарқылдап, шаңды дауыл тұрады. Жел 15-20 м/с дейін күшейеді.

Қызылорда облысының кей жерінде жел қарқыны - 15-20 м/с. Шаңды дауыл соғады.

Қызылорда, Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Атырау, Павлодар және Қарағанды облысында қатты ыстық болады.

Қызылорда облысында, Түркістан, Ақтөбе облыстарының басым бөлігінде, Қарағанды, Алматы, Жамбыл облыстарының кей жерінде төтенше өрт қаупі сақталады.



Өзгелердің жаңалығы