29 қазанға арналған ауа райы болжамы

29 Қазан 2019, 08:08
1570
Бөлісу:
29 қазанға арналған ауа райы болжамы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сейсенбіде Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронтальді бөліктердің өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлады "Қазгидромет" РМК.

Кей жерде көбінесе жаңбыр түрінде жауын-шашын жауады. Кей жерде жел күшейеді, тұман күтіледі.   

Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қостанай облыстарында жел 15-20 м/с күшейеді, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облысының кей жерінде, түнде Қостанай облысында кей жерде желдің екпіні 23-28 м/с күшейеді, Қостанай облысында кей жерде тұман күтіледі. Ақмола облысында түнде жел 15-20, кей жерде екпіні 23-28 м/с, күндіз кей жерде 15-20 м/с күшейеді. Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде жел 15-20, екпіні 23-25 м/с күшейеді. Қарағанды облысының түнде және таңертең кей жерінде тұман күтіледі. Жамбыл, Атырау, Ақтөбе, түнде Маңғыстау облыстарының кей жерінде тұман күтіледі.

 

Өзгелердің жаңалығы