«Бақытты отбасы» бағдарламасымен 281 отбасы баспаналы болды

13 Қыркүйек 2019, 14:13
2623
Бөлісу:
«Бақытты отбасы» бағдарламасымен 281 отбасы баспаналы болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Осы жоба аясында Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі 4 875 өтінім қабылдады. Бұл туралы Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Бақытты отбасы» бағдарламасына Нұр-Сұлтан (829 өтінім), Алматы (640 өтінім) және Ақтөбе (555 өтінім) облыстарының тұрғындары белсене қатысуда.

"Бүгінде қабылданған өтінімдердің 2 200 бойынша 23,1 млрд теңге сомасына несие беру жөнінде оң шешім шықты. Қазіргі сәтте осы отбасылар өздерінің болашақ пәтерлерін іздестіру үстінде. Бұл үшін оларға 3 ай уақыт беріледі. Пәтерді жаңа салынған немесе қолданыстағы үйден сатып алуға болады. Сондай-ақ, жер үй алу мүмкіндігі де қарастырылған. Тұрғын үйді салымшы өзі әкімдікте кезекте тұрған аймақта ғана сатып ала алады", - делінген хабарламада.

«Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша 281 отбасы баспаналы болып, қоныс тойын атап өтті.

Жалпы, ең көп баспанаға қол жеткізіп, қоныс тойын тойлағандар – Нұр-Сұлтан (73 займ берілді), Алматы (56 займ берілді) және Жамбыл (39 займ берілді) облыстарының тұрғындары.

Өзгелердің жаңалығы