Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бейсенбіде еліміздің басым бөлігі антициклон жотасының ықпалында болғандықтан, күн райы көбінесе жауын-шашынсыз болады, деп хабарлады "Қазгидромет" РМК.
Республиканың тек солтүстік, шығыс және батыс аумақтарында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен құбылмалы ауа райы сақталады, кей жерде аздаған қар жауады. Батыста жел күшейеді. Жекелеген аумақта тұман болжанады.
Маңғыстау облысының кей жерінде 15-20 м/с жел соғады, екпіні 23 м/с күшейеді.
Атырау облысының кей жерінде тұман болады, жел 15-20 м/с артады.
Ақмола, Жамбыл, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, түнде Алматы, Түркістан облыстарының кей жерінде тұман күтіледі.