Бас жаңалықтар
248 бақылаушы сайлауға аккредитация алды
24 Мамыр 2019, 16:43 325

248 бақылаушы сайлауға аккредитация алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Орталық сайлау комиссиясы 2019 жылғы 9 маусымда өтетін кезектен тыс президенттік сайлауына бақылау жасайтын тағы 125 адамды аккредиттеу туралы қаулы қабылдады.

109 байқаушы бес халықаралық ұйымнан: ТМД, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Парламентаралық Ассамблеясынан, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Демократиялық институттар және адам құқықтары бюросы мен Ислам ынтымақтастық ұйымынан, 16 байқаушы Армения, Болгария, Грузия, Малайзия, Молдова, Латвия, Ресей Федерациясы және Түркияның орталық сайлау органдарының өкілдері болып табылатын 8 шет мемлекеттен. 

«2019 жылғы 2 және 23 мамырда Сыртқы істер министрлігінен бірқатар Миссиялардың байқаушыларын аккредиттеуге ұсыныстар келіп түсті: 19 байқаушы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығынан байқаушылар Миссиясының құрамында; 24 байқаушы Шанхай ынтымақтастық ұйымынан байқаушылар Миссиясының құрамында; 10 байқаушы Түркітілдес Елдердің Парламенттік Ассамблеясынан; 63 байқаушы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Парламентаралық Ассамблеясынан. Сонымен қатар Әзербайжан, Беларусь, Латвия және Моңғолияның орталық сайлау органдарының өкілдері болып табылатын шет мемлекеттерден 7 байқаушы ұсынылып отыр», - дейді Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Зәуреш Баймолдина.

Айта кетейік, шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушыларын аккредиттеуді Ортсайлауком 2019 жылғы 3 маусым күнгі сағат 18.00-ге дейін жүзеге асырады. Бүгінгі күнге дейін халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттерден байқаушылар тарапынан тіркелген саны 248 адамды құрайды.


Фото: ашық дереккөз

Сізден жаңалық