Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сәрсенбі күні елдің басым бөлігінде антициклон әсері байқалады. Солтүстік, шығыс пен оңтүстікте қар жаууы мүмкін, бұрқасын жүріп, жел күшейеді, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.
Кей жерде тұман түсіп, оңтүстікте көктайғақ болады.
Солтүстік Қазақстан облысында түнде желдің жылдамдығы 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с-ке дейін жетуі ықтимал. Бұрқасын, тұман болады.
Павлодар, Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстарында желдің жылдамдығы - 15-20 м/с.
Жамбыл, Түркістан, Батыс Қазақстан, Қарағанды облысында тұман, Түркістан облысында - көктайғақ.
Елордада қар жауады, күндіз - 13, түнде - 15. Желдің жылдамдығы секундына 5-9 метрге жетеді.
Алматыда күн ашық, күндіз - 4 градус, түнде минус 14.
Шымкентте күн алабұлтты, күндіз +3, түнде -6. Жел болмайды.