22 тамызға арналған ауа райы болжамы

22 Тамыз 2019, 08:28
1393
Бөлісу:
22 тамызға арналған ауа райы болжамы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.Бейсенбіде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты солтүстікте, орталықта, шығыста, солтүстік-шығыста жаңбыр, шығыстың кей жерінде қатты жаңбыр жауады, деп хабарлады Қазгидромет РМК.

Кей жерде найзағай, жел күшеюі, дауыл күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін, солтүстікте және солтүстік-шығыста тұман күтіледі.

Алматы, Павлодар, күндіз Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерінде жел 15-22 м/с күшейеді, Павлодар облысының кей жерінде дауыл, Қызылорда облысының күндіз кей жерінде шаңды дауыл күтіледі. Ақмола, Солтүстік-Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ жаууы ықтимал, Солтүстік-Қазақстан облыстарының кей жерінде дауыл күтіледі. Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде жел күшейеді, бұршақ жаууы ықтимал, Қарағанды облысының кей жерінде дауыл күтіледі. Қостанай облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, түнде және таңертең кей жерінде тұман күтіледі.

Күндіз Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарында кей жерде қатты ыстық күтіледі.

Қызылорда, Түркістан, Қарағанды, Жамбыл облыстарында, Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде, Ақтөбе облысының оңтүстік бөлігінде, Павлодар, Атырау облыстарының жекелеген ауданында өте жоғары өрт қаупі сақталады.

 

Өзгелердің жаңалығы