17 мамыр. Сайлау барысы

17 Мамыр 2019, 16:47
2483
Бөлісу:
17 мамыр. Сайлау барысы

 

 

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 17 мамыр күні Қазақстан президенттігіне үміткерлердің сайлауалды штабтары жүргізген жұмыстарды назарларыңызға ұсынамыз. 

ҚКХП атынан президенттікке кандидат Жамбыл Ахметбековтың Нұр-Сұлтан қаласындағы республикалық сайлауалды штабында үгіт топтарының облыстық штабтарымен кеңейтілген отырысы өтті. 

 

Жамбыл Ахметбеков пен республикалық штаб жетекшісі Айқын Қоңыров шетелдік бақылаушылар тобының басшысымен кездесті. 

Сaravan.kz басылымында «Ход королевой: появится ли казахская Маргарет Тэтчер?» атауымен «Ақ жол» партиясынан президенттікке кандидат Дания Еспаевамен сұхбат жарық көрді.

«Ұлт тағдыры» қозғалысы атынан президенттікке кандидат Әміржан Қосановтың Өскемен қаласындағы сенімді өкілдері Өскемен қаласында «Қаланы көгалдандыру» шарасын өткізді. 

Қазақстан кәсіподақтар федерациясынан президенттікке кандидат Амангелді Таспиховтың Маңғыстау облысындағы сенімді өкілдері «CaspiBitum» ЖШС-нің еңбек ұжымымен кездесу өткізді.

Кандидаттың Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша қоғамдық штабы мен сенімді өкілдері «ПетроКазахстан Ойл продактс» ЖШС-да болды.  

ТМД мемлекеттерінің Парламентаралық Ассамблеясының байқаушылар миссиясының өкілдері Таспиховтың республикалық қоғамдық штабы жұмысымен танысты. 

Президенттікке кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың қоғамдық штабының мүшелері Қостанай облысына келді. Кандидаттың сенімді өкілдері Рудный қаласындағы «Соколов-Сарыбай кен байыту өндірістік бірлестігі» АҚ ұжымымен кездесті. Сондай-ақ, Қостанайдағы облыс активімен кездесіп, оған 500-ден астам адам қатысты.

Өзгелердің жаңалығы