Бас жаңалықтар
16 қарашаға арналған ауа райы
16 Қараша 2020, 08:16 147

16 қарашаға арналған ауа райы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 16 қарашада ел аумағының басым бөлігінің ауа-райына орталығы республиканың солтүстік-шығыс аудандарында орналасқан циклон әсерін тигізеді. Соған байланысты оңтүстік-шығыс өңірлерде қар жауады. Тек оңтүстік-батыс пен батыста күн ашық. Республиканың кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ болады, желдің күшеюі ықтимал, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.

Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, жел 15-20, күндіз екпіні 23 м/с күшейеді. 

Ақмола, Солтүсік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, жаяу бұрқасын, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. 

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, көктайғақ, жел 15-20 м/с күшейеді. 

Алматы, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде көктайғақ болуы мүмкін. Алматы облысында – тұман. 

Түркістан, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде жел тұрады, жылдамдығы 15-20 м/с. Түркістан облысында тұман түседі. 

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде де тұман болады. 

Қостанай облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын соғуы ықтимал.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...