15 тамызға арналған ауа райы болжамы

15 Тамыз 2019, 08:11
2020
Бөлісу:
15 тамызға арналған ауа райы болжамы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қазгидромет» РМК 15 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады.

Синоптиктердің болжамы бойынша, атмосфералық ауа ағындардың өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде құбылмалы ауарайы сақталады, жаңбыр жауады, кей жерде найзағай жарқылдайды. Еліміздің кейбір бөлігінде жел күшейеді, шаңды дауыл соғып, бұршақ жаууы ықтимал. Республиканың солтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерінде дауыл күтіледі, жел 15-20, күндіз екпіні 25 м/с күшейеді, бұршақ жаууы ықтимал, түнде және таңертең Ақмола облысының кей жернде тұман күтіледі.

Жамбыл облысында дауыл күтіледі, таңертең және күндіз жел 15-20, екпіні 23 м/с күшейеді, бұршақ жаууы ықтимал.

Түркістан облысының кей жерінде дауыл күтіледі, жел 15-20, күндіз екпіні 25 м/с шаңды дауылмен күшейеді.

Павлодар, Қостанай, Қарағанды облыстарында дауыл күтіледі, жел 15-20, екпіні 25 м/с күшейеді, күндіз кей жерде бұршақ жаууы ықтимал.

Ақтөбе облысының кей жерінде тұман күтіледі.

Қызылорда, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде түнде және таңертең желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Алматы облысының кей жерінде дауыл күтіледі, жел 18-23 м/с күшейеді.

Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде, Ақтөбе облысының оңтүстігінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.


Өзгелердің жаңалығы